Мұхтар Әуезов атындағы мектепте тәрбие жұмысы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. «Адал азамат» бағдарламасы аясында білім алушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және ұлттық дәстүрлерге құрмет сияқты негізгі құндылықтар қалыптастырылады.
Сабақтан тыс іс-шаралар оқушылардың шығармашылық әлеуетін, белсенді азаматтық ұстанымын және әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді. «Ұлттық style», «Ұрпақ үні» және «Asyq strike» жобалары рухани-адамгершілік дамуға, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және салауатты өмір салтына баулуға бағытталған.
Бүгінгі таңда оқушылардың 87%-ы сабақтан тыс іс-шаралармен қамтылған, мектепте 11 спорттық секция табысты жұмыс істейді.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп — тәрбие, даму және болашақ тұлғаны қалыптастыру кеңістігі.
