Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің шығармашылық тобының дөңгелек үстелі өтті. «Практикаға бағытталған оқыту – білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру құралы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің шығармашылық тобының дөңгелек үстелі өтті.
«Практикаға бағытталған оқыту – білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру құралы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу барысында биология, химия, физика және география пәндері бойынша оқытуды өмірмен байланыстыратын тиімді әдіс-тәсілдер талқыланды.
Мұғалімдер тәжірибелік тапсырмалар, зертханалық жұмыстар мен жобалық қызметтің оқушылардың қызығушылығын арттырудағы маңызын атап өтті. Өзара тәжірибе алмасу арқылы сабақтарды қызықты әрі нәтижелі етудің жаңа идеялары ұсынылды.
Осындай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім алушылардың танымдық белсенділігі мен оқу мотивациясын арттыруға бағытталған.
