Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әузовтың ат. ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобының жұмысы аясында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс барысында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
19-01-2026 13:53

Іс-шараның мақсаты — білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын талқылау және педагогтердің тәжірибе алмасуы.
Мұғалімдер Б.Қ. Шайкимова мен С.Н. Бебель ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеуде заманауи цифрлық құралдарды пайдалану бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында оқытуды дараландыру, оқу материалдарын бейімдеу, түзете-дамыту жұмыстарын қолдау және ЕБҚ бар білім алушылардың оқу мотивациясын арттырудағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері қарастырылды.
Дөңгелек үстелде ұсынылған материалдар мен идеялар алдағы әдістемелік жұмыста қолданылады.