Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
QazNetEtiquette Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға арналған әдеп кодексі.
30-01-2026 08:12
QazNetEtiquette Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға арналған әдеп кодексі.

QazNetEtiquette Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға арналған әдеп кодексі.

«Өшпенділік тілі» – нақты бір адамға емес, ортақ белгілері бар адамдар тобына қарата айтылған өшпенді ой-пікір, көзқарас, мәлімдеме. Ол сөз, кескін немесе басқа да контент түрінде болуы мүмкін. «Өшпенділік тілі» қандай да бір топтың дініне, ұлтына, азаматтығына, тұрғылықты жеріне, өзгеше көзқарасына және тағы басқа белгілеріне қатысты болады. Ең жиі кездесетіні – этникалық (ұлттық) белгілерге байланысты «өшпенділік тілі».

Өшпенділікті, араздықты әртүрлі тәсілмен көрсетуге болады. Сондықтан да тұтастай бір ұлтты қорлайтын әзіл-қалжыңнан бастап, қырып-жойып, өлтіруге шақыратын, үгіттейтін сөздерге дейін «өшпенділік тіліне» жатады.

Кез келген адам агрессор да, құрбан да болуы мүмкін. «Өшпенділік тілі» вирус секілді тез тарайды, жұғады. Онымен қоймай, «өшпенділік тіліне» өшпенділікпен жауап беріледі.

«Өшпенділік тілінің» соңы қантөгіспен аяқталуы мүмкін. Желіде сыйластықты, әдепті қалыптастырсақ, қоғамды барынша мейірімді әрі өркенитетті етуге аз да болса үлес қоса аламыз.

Есіңізде болсын, ең маңыздысы – сөз бостандығы. Дегенмен сөз бостандығы абсолют ұғым емес және оның шегі бар. Өзгелердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына қауіп төндірсе, сөз бостандығына шектеу қойылады.

МАҢЫЗДЫ

1. Тұтас этникалық топ туралы сыртынан тон пішкен дұрыс емес. Ренжіткен адамға тікелей жауап беруге, тіпті ұрсуыңызға да болады. Бірақ сізді ренжіткен адамның ұлтына тиіспеңіз;

2. Не жазсаңыз да қайталап оқып, нысаныңызды дәлдеп, нақты сол адамға қарата айтып жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Сіздің шамыңызға тиген бір ұлттың барлық өкілі емес, нақты адам(дар) немесе ұйым екенін ұмытпаңыз. Қыр көрсетемін деп ренжіткен адамның ұлтынан шыққан басқа да адамдарға тіл тигізуге болмайды;

3. Ешқашан «олардың барлығына» қандай да бір күш көрсету керек деп айтпаңыз. «Барлығын елден қуып жіберу керек» немесе басқалармен салыстырғанда құқықтарын шектеп, қысым жасау керек деп үгіттемеңіз. Сонымен қатар зорлық-зомбылыққа және дискриминацияға тікелей үндеумен қатар: «Өздері кінәлі», «өздеріне сол керек», «шаңыраққа қарап жүру керек еді», – деп тұспалдап сөйлемеген жөн.