Біздің мектебімізде «Даналық мектебі» клубы аясында «Шебер қолдың сиқыры» атты жүрекке жылу сыйлаған шеберлік сабағы өтті. Іс-шара аға буынның тәжірибесі мен шеберлігін жас ұрпаққа жеткізуге бағытталды.
Біздің мектебімізде «Даналық мектебі» клубы аясында «Шебер қолдың сиқыры» атты жүрекке жылу сыйлаған шеберлік сабағы өтті. Іс-шара аға буынның тәжірибесі мен шеберлігін жас ұрпаққа жеткізуге бағытталды. Тәжірибелік жұмыс барысында 5 «Ж» сынып оқушылары мәдени мұрамен танысып, қолөнердің ғажайып құпияларына қанықты.
«Даналық мектебі» клубы аясында өткізілетін осындай кездесулер рухани-адамгершілік тәрбиені нығайтып, үлкен буынға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді. Белсенділік танытып, жылы әрі жайлы атмосфера қалыптастырған барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
