Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ ағылшын тілі апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Ағылшын тілі апталығының ашылуы
«Magic step to the world of English!»
Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ ағылшын тілі апталығының салтанатты ашылуы өтті. Аптаның ашылуы «Гарри Поттер» тақырыптық стилінде ұйымдастырылып, оқушылар үшін ерекше атмосфера қалыптастырып, олардың ағылшын тіліндегі түрлі квесттерге қатысуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттырды.
Апта барысында білім алушыларды ашық сабақтар, байқаулар, зияткерлік ойындар , көптеген музыкалық және шығармашылық іс-шаралар өткізіледі. Бұл іс шаралар алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және тілдік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
