М. Әуезов атындағы ЖОББМ оқушылары қалалық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
М. Әуезов атындағы ЖОББМ оқушылары қалалық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
3 «А» сынып оқушысы Каримов Нуралы және 4 «В» сынып оқушысы Аманитиди Дионис «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар, 1–4 сынып оқушыларына арналған мемлекеттік тілдегі қалалық математикалық-логикалық олимпиадада Құсан Мұхаммад І орын, Анварбек Али ІІІ орын алды.
Оқушыларды дайындаған ұстаздар: Намазбаева Г. К., Саменова М. К., Шанкотова Б. К.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымыз әрдайым биік белестерді бағындырып, білім додаларында топ жарып жүре берсін!
