2026 жылғы 16 наурызда М. Әуезов атындағы ЖОББМ базасында «Директор орынбасары мектебінің» практикалық сессиясы өтті. Кездесу тақырыбы — «Мектеп ішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингі» — басқарудың дәстүрлі тәсілдерін қайта жүктеу алаңына айналды.
Сессияның негізгі бағыты — интуитивті менеджменттен дәлелді менеджментке көшу. Коуч-сессияда қатысушылар «дәстүрлі бақылау дағдарысы» феноменін талқылады. Сонымен қатар Data-driven management (деректерге негізделген басқару) принциптері және оқу ісі меңгерушісінің талдамалық дашбордының мүмкіндіктері қарастырылды.
Практикалық бөлім топтық жұмыс форматында өтті. Директордың орынбасарлары нақты кәсіби сын-қатерлермен жұмыс істеді.
Сессия рефлексиямен аяқталды. Қатысушылар ұсынылған құралдар нәтижелерді болжауға және оқу процесін жедел түзетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Іс-шара Павлодар қаласының заманауи әдістемелік экожүйесін дамытудағы кезекті қадам болды.
