Мұхтар Әуезов ат. ЖОББМ көктемгі демалыс кезеңінде «Сараланған тапсырмалар конструкторы: теориядан практикаға» тақырыбында әдістемелік сессия өтті.
Акт залында кіріспе сөзбен бейіндік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Мусалимова С.Ж. сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында оқытудағы сараланған тәсілдің маңыздылығын және оның білім сапасын арттырудағы рөлін атап өтті.
Одан әрі жұмыс коуч-сессия форматында жалғасты: топ модераторлары педагогтарды кабинеттерге шақырып, аталған өзекті тақырып бойынша өз тәжірибелерімен және практикалық жұмыстарымен бөлісті. Кейбір модераторлар дәстүрден тыс форматта өткізіп, түрлі цифрлық платформаларды, интерактивті құралдарды белсенді қолданды.
Әдістемелік сессия тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және заманауи білім беру тәсілдерін оқу үдерісіне енгізуге тиімді алаң болды.
