2 және 3 сәуір күндері Мұхтар Әуезов атындағы мектепте дәстүрлі III тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналыстары өтті. Кездесу барысында сынып жетекшілері оқу-тәрбие жұмысының қорытындыларын шығарып, оқушылардың жетістіктері мен табыстарын талқылады, жол-көлік жарақаттарының алдын алу, жолдағы қауіптер, вандализм мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ «Заң және тәртіп: кибербуллинг, дропперлік. Құқықбұзушылық кезінде әрекет ету алгоритмі» тақырыбы қозғалды.
Сынып жетекшілері білім алушыларға қатысты маңызды мәселелерге ерекше назар аударды:
4-сыныптарға МОДО-ға дайындық туралы ақпарат берілді,
9 және 11-сыныптарға қорытынды аттестаттау түсіндірілді,
5–8 және 10-сыныптарға аралық аттестаттау туралы мәлімет ұсынылды.
Жиналыстардан кейін 2-қабаттың фойесінде консультациялық жұмыс берілді: ата-аналар мектеп әкімшілігімен, пән мұғалімдерімен және мектептің әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарымен сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті ұсыныстар алды.
Барлық ата-аналарға белсенді қатысқандары, қызығушылық танытқандары және ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз. Бірге біз балаларымыздың табысты білім алуы мен жан-жақты дамуына жағдай жасаймыз.
