20.04. күні Балалар көркемсурет мектебінде «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының қалалық кезеңі бойынша сурет конкурсының марапаттау рәсімі өтті.
20.04. күні Балалар көркемсурет мектебінде «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының қалалық кезеңі бойынша сурет конкурсының марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты: шығармашылық қабілеті жоғары балалар мен жасөспірімдерді анықтау және қолдау, олардың көркемдік қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Байқау үш номинация бойынша өтті. 7 «И» сынып оқушысы Ануар Кабулов «Тірі планета» номинациясына қатысып, І орынға ие болды. Жетекшісі – көркем еңбек пәнінің мұғалімі Аманжолова К.К.
