Бүгін мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша сабақ өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында мектепте Алматы облысы Талғар ауданының тәжірибесі негізінде «Заң және тәртіп» ж
Бүгін мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша сабақ өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында мектепте Алматы облысы Талғар ауданының тәжірибесі негізінде «Заң және тәртіп» жобасы енгізілді.
Осы жобаны жүзеге асыру аясында тәлімгер, отставкадағы әділеттің кіші кеңесшісі, Павлодар облысы прокуратура органдарының ардагері Ахметова Гүлнәр Көшербайқызы 7–8 сынып оқушыларымен әңгіме өткізді.
Негізгі мақсаты: оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың, буллингтің және құқыққа қарсы мінез-құлықтың кез келген түрінің алдын алу, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.
