27 сәуір күні мектебімізде «Мәдениет заңнан басталады: заманауи әлемдегі жауапты ата-ана» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту, сондай-ақ бала тәрбиесінде заңға құрметті қалыптастыру және мәдени құндылықтарды дәріптеу арқылы тәрбиелік жұмыстың бірлігін қамтамасыз ету. Бұл – балалардың табысты болашағына жол ашатын қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастырудың берік негізі екені ерекше атап өтілді.
Форумға біздің қонақтарымыз қатысты:
Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік ПБ №14 УПП учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Садыков Рахим Русланұлы;
Сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Хазов Виталий Владимирович;
Павлодар қаласының төтенше жағдайлар бойынша азаматтық қорғаныс аға офицері Айтжан Дәулет Ерланұлы.
Форум барысында оқушылардың қауіпсіздігі мәселелері жан-жақты қарастырылып, ата-аналар арасында ашық пікір алмасу өтті. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, балаларды түрлі қауіп-қатерден қорғау, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бағытында маңызды ұсыныстар айтылды.
Қонақтарымызға және ата-аналарға зор алғысымызды білдіреміз.
