Бүгін мектеп асханасында бракераж комиссиясы тағамдарға тексеру жүргізді. Тексеру барысында тағамдар органолептикалық көрсеткіштер бойынша бағаланып, сонымен қатар қойма бөлмелеріне де тексеру жасалды.
Бүгін мектеп асханасында бракераж комиссиясы тағамдарға тексеру жүргізді. Тексеру барысында тағамдар органолептикалық көрсеткіштер бойынша бағаланып, сонымен қатар қойма бөлмелеріне де тексеру жасалды. Комиссия мүшелері келесі тағамдарға баға берді: қайнатылған көкөністерден жасалған салат, ет қосылған күріш сорпасы, ірімшік қосылған бутерброд тоқашы, лимон сусыны, бидай наны.
Бракераж комиссиясы асхана қызметкерлеріне ұсыныстар берді. Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында мектеп әкімшілігі мектептегі тамақтану сапасына жүйелі түрде бақылау жүргізіп отырады.
