Бүгін бейінді отрядтарымыз ерекше табиғи ескерткіш — «Қаздар қайтуы» мекеніне танымдық саяхат жасады. Балалар әсем табиғатты тамашалап, туған Павлодар қаласының тарихы, өлкеміздің ежелгі тұрғындары және палеонтологиялық қазбалар туралы қызықты мәліметтер
Бүгін бейінді отрядтарымыз ерекше табиғи ескерткіш — «Қаздар қайтуы» мекеніне танымдық саяхат жасады.
Балалар әсем табиғатты тамашалап, туған Павлодар қаласының тарихы, өлкеміздің ежелгі тұрғындары және палеонтологиялық қазбалар туралы қызықты мәліметтер білді.
Оқушылар тарих пәні мұғалімін қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойып, өткеннің құпияларымен танысты. Себебі өз тарихыңды білу — болашақты құрудың маңызды бөлігі!
