Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 2026–2027 оқу жылына қазақ және орыс тілдерінде білім алатын болашақ бірінші сынып оқушыларын қабылдау жалғасуда.
Кәсіптік бағдар беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп өкілдері Усольский шағын ауданындағы балабақшаларды аралап, ата-аналарға толық ақпарат қамтылған ақпараттық буклеттер таратылды.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, сапалы білім беруге, тәрбие жұмысына және әрбір оқушының шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Мектеп әкімшілігі болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын мектеппен жақынырақ танысуға, қабылдау мәселелері бойынша кеңес алуға және құжаттарды уақытылы тапсыруға шақырады. Балаларыңызды Мұхтар Әуезов атындағы мектептің тату да ұйымшыл ұжымынан көруге әрқашан қуаныштымыз!
