Бүгін мектебімізде жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыруға арналған «2026 жылғы түлектерге аттестат табыстау» салтанатты рәсімі өтті. Бұл – мектеп өмірінің маңызды кезеңінің аяқталғанын білдіретін ерекше де толғанысты сәт.
Мерекелі күні түлектер, ата-аналар және ұстаздар бір шаңырақ астында бас қосып, жетістіктер мен жеңістердің қуанышын бірге бөлісті. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен ата-аналар түлектерді құттықтап, оларға өз күштеріне сенімді болуды, жаңа белестерді бағындыруды және жарқын болашақ тіледі. Салтанатты кеш жылы естеліктерге, шынайы эмоцияларға, әсем әндер мен жүрекжарды алғыс сөздерге толы болды. Түлектер мектептегі қызықты жылдарын, достарын және өмірлерінде ерекше орын алған ұстаздарын толқыныспен еске алды. Алған білімдеріңіз алдағы өмір жолында берік негіз болып, әрбір түлектің алдында жаңа мүмкіндіктер, жарқын жетістіктер мен асқақ армандардың орындалуы күтіп тұрсын! Ақ жол, жас түлектер!
