АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ — 2026! Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп ауласына 1-сынып оқушылары, 11-сынып түлектері, олардың ата-аналары мен ұстаздары жиналды.
АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ — 2026!
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп ауласына 1-сынып оқушылары, 11-сынып түлектері, олардың ата-аналары мен ұстаздары жиналды. Қонақтарға арнап мерекелік концерт ұйымдастырылып, әндер шырқалып, әсерлі би нөмірлері мен жылы лебіздер ұсынылды. Ерекше көңіл-күй сыйлаған әсем баннері бар фотозонада оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар естелік суреттерге түсті. Салтанатты жиыннан кейін оқушылар алғашқы сынып сағаттарына қатысты.
Жаңа оқу жылы білімге, ізгі кездесулерге, жарқын сәттерге және үлкен жетістіктерге толы болсын!
