7 қыркүйек күні жас педагогтер мен олардың тәлімгерлерін біріктірген «Самғау» жас мамандар мектебінің алғашқы отырысы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар танысып, оқу жылының алғашқы әсерлерімен бөлісіп, кәсіби жолдың бастапқы кезеңінде туындайтын мәселелерді талқылады.
Жүргізілген сауалнама нәтижесінде жас педагогтердің негізгі қиындықтары анықталды.
Кездесуде практикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. ЖММ модераторы Мусалимова С.Ж. жұмыс дәптерлері мен құжаттарды дұрыс рәсімдеу және жүргізу бойынша ұсыныстар беріп, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді.
Бұл кездесу — ашық диалог, тәжірибе алмасу және кәсіби қолдауға бастар алғашқы қадам болды.
«Самғау» әр жас педагог үшін кәсіби өсу, жаңа идеялар мен шабыт кеңістігіне айналсын!
