9 қыркүйек күні мектепте «Ата-ана да шаршайды. Баланың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – ата-аналардың алаңдаушылық деңгейін төмендету, «мінсіз ата-ана» деген түсінікті қайта қарастыру және эмоционалдық шаршағаны үшін өздерін кінәлі сезінуінің алдын алу.
Жиналыс барысында бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік екені айтылып, сонымен қатар ата-аналардың да шаршауы, эмоционалдық күйзелісті сезінуі және қолдауға мұқтаж болуы қалыпты жағдай екені талқыланды.
Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Қақтығысты жағдайлар мен жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық ережелері, бала мен ересек адам арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
