8–11-сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің талантты оқушылары өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді!
КАБУЛОВ АНУАР – 8 «И» сынып оқушысы, «Ұлы арман» Махамбет шығармаларының иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша ІІ ОРЫН иегері!
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Магзумова Мадина Жумабековна.
АКАНОВА АРАЙЛЫМ – 11-сынып оқушысы, «Шашақты найза, шалқар күй» Махамбет күйлерін орындаушылар байқауы бойынша ІІІ ОРЫН иегері!
Жетекшісі: ән-күй мұғалімі Ибраева Айгуль Адилхановна.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – оқушыларымыздың таланты мен ізденісінің, ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі.
