Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
ЖАҚСЫЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ! «Мейірімділік мерекесі» қайырымдылық шарасы аясында 3 «Д» сыныбының оқушылары игі іске атсалысып, мектеп жәрмеңкесінен түскен қаражатты жинақтап, қарттар үйіне арнайы барды.
05-11-2026 12:44
ЖАҚСЫЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!  «Мейірімділік мерекесі» қайырымдылық шарасы аясында 3 «Д» сыныбының оқушылары игі іске атсалысып, мектеп жәрмеңкесінен түскен қаражатты жинақтап, қарттар үйіне арнайы барды.

ЖАҚСЫЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ! 
«Мейірімділік мерекесі» қайырымдылық шарасы аясында 3 «Д» сыныбының оқушылары игі іске атсалысып, мектеп жәрмеңкесінен түскен қаражатты жинақтап, қарттар үйіне арнайы барды.

Оқушылар қарттарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жүрек жылуын, шынайы ықыласы мен қамқорлығын көрсетті. Сонымен қатар арнайы әзірлеген шағын сыйлықтарын табыстап, ақ баталары мен ізгі тілектерін алды.

Жылы жүздесу барысында балалар қарттармен әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибесін тыңдап, құрметтері мен алғыстарын білдірді. Кездесу мейірім мен сыйластыққа толы ерекше әсерлі сәттерге ұласты.

Осындай қайырымдылық шаралары жас ұрпақты ізгілікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа және үлкенді құрметтеуге тәрбиелейді. Өйткені мейірімділік — адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі.

Бір ауыз жылы сөз, шынайы ықылас пен кішкентай ғана қамқорлықтың өзі бір адамның жүрегіне қуаныш сыйлай алады.

Жақсылық жасау — жүректен!
Мейірім сыйлау — үлкен бақыт!
Жақсылық әрқашан өзімізден басталады!