Бүгін 4 «Г» сынып оқушыларымен бірге Балалар үйіне барып, ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балаларға мейірімімізді, ықыласымыз бен жылуымызды сыйладық.
Бүгін 4 «Г» сынып оқушыларымен бірге Балалар үйіне барып, ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балаларға мейірімімізді, ықыласымыз бен жылуымызды сыйладық.
Оқушылар қажетті кеңсе тауарларын, майлықтарды, тұрмыстық химия құралдарын және басқа да пайдалы заттарды табыстады.
Осындай кездесулер балаларды ең басты адамгершілік қасиеттерге – мейірімділікке, қайырымдылыққа, жанашырлыққа және өзгенің тағдырына бейжай қарамауға тәрбиелейді.
Өйткені кішкентай ғана көмек те үлкен қамқорлықтың көрінісі бола алады.
Шәкірттеріммен мақтанамын! Біз тек білім алып қана қоймай, адамгершілік пен ізгілікке де тәрбиеленіп келеміз!
