Бүгін мектеп асханасында бракераж комиссиясының тексерісі жүргізілді. Комиссия мүшелері тағамдардың сапасын, дәмін, сыртқы көрінісін, мәзірге сәйкестігін және порциялардың салмағын бағалады.
Бүгін мектеп асханасында бракераж комиссиясының тексерісі жүргізілді. Комиссия мүшелері тағамдардың сапасын, дәмін, сыртқы көрінісін, мәзірге сәйкестігін және порциялардың салмағын бағалады.
Сонымен қатар, асүйдегі санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуы, азық-түлік өнімдерін сақтау тәртібі тексерілді. Барлық ескертулер мен ұсыныстар арнайы журналға тіркелді.
Мұндай тексерістер балалардың әрдайым сапалы, дәмді әрі қауіпсіз тамақпен қамтамасыз етілуі үшін тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
