2026 жылғы 7 қарашада 1 «Д» сыныбының оқушылары қайырымдылық акциясына қатысып, қаңғыбас жануарларға арналған панажайға барды.
2026 жылғы 7 қарашада 1 «Д» сыныбының оқушылары қайырымдылық акциясына қатысып, қаңғыбас жануарларға арналған панажайға барды.
Балалар кіші бауырларымызға мейірімділік пен қамқорлық танытып, панажайдағы иттер мен мысықтарға жем сатып алып барды. Осылайша, олар жануарларға көмек көрсетіп, өздерінің шағын болса да, маңызды үлестерін қосты.
Осындай іс-шаралар балалардың бойында мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік пен жануарларға деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастырады.
