Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Орта мерзімді жоспарын енгізу – өздік жұмысы сапасының тиімділігін арттыру " тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі
10-11-2014 08:48
«Орта мерзімді жоспарын енгізу – өздік жұмысы сапасының тиімділігін арттыру

Бірінші коучинг өткізу барысында  деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, жеті модуль идеяларын талқылап, ортақ пікірге келіп, коучинг тақырыбын анықтадық. Әріптестерімнің сұхбаттасу барысында, жеті модульдің теориясын меңгертіп, «Орта мерзімді жоспар» тақырыбына шықтық.   Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі ұстаздар сабаққа орта мерзімді жоспар құрастырып, сабақты заман талабына сай өткізу болып табылады. 

Мектеп тұрғысынан қарағанда, бұл тақырыптың маңызы – деңгейлік курстан өткен ұстаздардың 2-3 тәлім алушылары тағайындалды. Олар арқылы мектеп ішінде тәлімгермен орта мерзімді жоспар құрастырып, қысқа мерзімді жоспарға шығып, сабақты қазіргі заман талабына сай өткізетін болады. Өйткені, біз мектепте оқушыны өмірге бейімдеп, алған  білімін тиімді, өзіне пайдалы  етіп қолдануға үйретеміз.

   Коучинг сабағымызға қатысқан 9 мұғалім қазақ тілі пәнінен беретін әріптестеріміз қатысты.

 Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Коучингке орта мерзімді жоспар тақырыбын алған себебіміз, олардың оқыту тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге көмектеседі деп санаймын.

Осы идеяны назарға ала отырып,  коучинг сабағына қойған мақсатымыз -  орта мерзімді жоспар туралы түсінік беру. Тәжірибе жүзінде іске асыруға жағдай туғызу.

Күтілетін нәтижеміз: Оқытудың жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын құрады.

Коучинг сабағында  жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатымен  "Алақан" атты жаттығуды жүргіздік. Топта отырған қатысушылар алақаның салып, бес саусағына өзінің бес жақсы қасиетін жазып, көршісіне ұсынды. Содан соң көршісі алақанына оның аталмаған бір қасиетімен толықтырып, оқып берді.

Нәтижесінде: кей кезде адамның бойындағы қасиеттеріне мән бермей, дұрыс баға бере алмаймыз.

Сандыққа салынған тәтті сыйлықтар арқылы топтарға бөлуді бастадық. Бірінші топ – қызыл түсті кәмпит, екінші топ – көк түсті және үшінші топ – сары түсті бөлініп отырдық. Содан кейін, коучингтің тақырыбымен таныстырып, оқыту мақсатын түсіндірдік.

      Топ мүшелері спикер, дизайнер, тайм-кипер рөлдеріне бөлінді.

«7 модуль» презентациясын ұсынып, коучинг қатысушылары материалын конспектіледі. Коучингке келген мұғалімдер 7 модульді сабаққа қалай ықпалдастыру керектігін түсінді деп ойлаймыз.

Топ мүшелерінің топтық жұмысқа белсенді қатысқандарын бақылаушы тағайындалды.

«Миға шабуыл» стратегиясы ұсынылды. Қойылған сұрақтарға топ мүшелері толық жауап берді. Себебі, ұстаздар әр сабақта жоспар құрастыра алатынын, маңыздылығын, не үшін қажет екенін ортаға сала білді.

Орта мерзімді жоспардың презентациясын тамашалап, конспектілеп, керекті ресурстар ұсынылды. Топтар материалды топтың ішінде талқылап, постерге салып, қорғады.

Топ мүшелері ұсынылған материалдан орта мерзімді жоспарды жасау қадамдарын іріктей ала білді және өз сабақтарында қалай пайдаланылатынын түсіндіре білді.

Мұғалімдердің  көңілдерін көтеру мақсатымен сергіту сәтін өткіздік. «Пай-пай, қыздар-ай!» әуенін қосып, бойларын сергітті. Мұғалімдердің көңілдері көтеріліп, сергіту сәті барлығына ұнады деп ойлаймын.

Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы

Абенова Гүлзия Қайырбекқызы