Бүгін, 22 қараша күні мектеп кітапханасында М. Ауэзов атындағы Қазақ тілі мұғалімі А. Е. Камзина және мектеп кітапханашылары 3 "В" сынып оқушыларына "Кітап –ғалым, тілсіз мұғалім"тақырыбында сынып сағатын өткізді.
М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мұғалімі А.Е. Камзина мектеп кітапханашысымен бірлесе 3"В" сыныбында "Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім" атты тақырыпта сынып сағаты өткізді. Сынып сағатының мақсаты балаларды кітап тарихымен таныстыру, ой-өрісін кеңейту, білім құмарлыққа тәрбиелеу, кітапқа ұқыпты қарауға үйрету болып табылады. Балалар кітап басып шығару бастамасына саяхатқа шықты. Оқушылар сөздерден мақал-мәтелдер құрастырып, мағынасын түсіндірді. Сабақ барысында атақты адамдардардың кітап туралы сөздері адамды күлдіруге, жылатуға, өмірде таңдау жасауға көмек беретіні туралы қорытындыға келдік. Кітапсыз адам ойлану, түсіну, есте сақтау қабілетінен айырылады.Кітап -білім көзі, естеліктер.