Бала тәрбиесі-басты мақсат.
Бала тәрбиесі-басты мақсат.
Тәртіпбұзушылықтың алдын алу-ата-аналар мен педагогтардың ортақ мақсаты екендігінің дәлелі ретінде №32 мектепте мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті, ұстаздар ұжымымен бірге «Бала тәрбиесі-басты мақсат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы отырыста көкейде жүрген мәселелер ортаға салынып, талқыланды. Басты мәселенің бірі-мектепте үнемі отыратын Кәмелетке толмаған балалармен жұмыс инспекторының жоқтығы болды. Бұл орайда ата-аналар тарапынан мектептен тыс кезекшілікке шығу, сабақты себепсіз босататын оқушылардың үйлеріне бару сияқты көмектер ұсынылды.
Әлеуметтік педагог.