«Бірыңғай «Жас Ұлан»күнін өткізу туралы

2017 жылдың 13 желтоқсанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні қарсаңында «Жас Қыран, «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының Бірыңғай күні ұйымдастырылды. Мектепте «Жас Қыран», «Жас Ұлан» қатарына қабылдау жүргізілді, 3 Жас Ұлан, 9 Жас Қыран салтанатты түрде ант берді.1-4 сыныптарда «Сүйікті елім», «Независимый Казахстан» т.б. тақырыпта ашық тәрбие сағаттары, мектепішілік «Ұландары ұлы елдің» мерекелік салтанатты жиын, 1-6 сыныптарда саптық әндері сайысы өткізілді. Ең жақсы сынып командалары мадақтамамен марапатталды.Белсенділерге арналған «В единстве – сила!» нетворкинг жұмыстары жүргізілді. Іс-шараларға ардагер-педагогтар қатысты.Бірыңғай «Жас Ұлан» күні өз мәресіне жетті.