«Мың бала»
2018 жылы 28 қыргүйек күні Павлодар қаласының № 32 жалпы негізгі білім беру мектебінде өзге ұлт арасында «Мың бала» атты республикалық мәдени-ағартушылық сайысының мектепшілік іріктеу туры өткізілді. Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен өз бірлігін нығайту. Сайысқа 8 оқушы қатысты. Жарыста жарып озып, І орынға ие болған 5 «Б» сынып оқушысы Бей Аринаға қалалық кезеңде сәттілік тілейміз !