Туристік-өлкетану бағыты бойынша аймақтық семинары
туралы ақпарат
2020 жылғы 29 қазан күні «Білім берудің жаңартылған мазмұны көлемінде туристік-өлкетану қызметіндегі инновациялар» тақырыбында аймақтық семинары өтті.
Семинар балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуы мен белсендетуі үшін педагогикалық шарттарды қамтамасыз етуі мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасы «Аймақтық дене тәрбиесі оқу-тәжірибелік орталығы» КММ бірлесе Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК тарапынан ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына 30 астам тыңдаушылар қатысты: Павлодар облысы жалпы орта білім беру мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің туристік-өлкетану қызметімен айналысатын үйірмелер, клубтар мен секциялардың жетекшілері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, мектеп туризмінің нұсқаушылары. Өткізу үлгісі - қашықтан, ZOOM платформасы арқылы.
Семинар бағдарламасында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «СЮТур» БАК педагогтары қосымша білім беру жүйесі туристік-өлкетану бағыты бойынша өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Тыңдаушылардың назарына «Туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыруды бастау. «СЮТур» БАК жұмыс тәжірибесінен», «Педагогтың шығармашылық шеберханасы», «Туристік-өлкетану маршруттарын құрастыру», «Қашықтан оқыту шартында «Пеший туризм» бағдарламасы бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу», «Туристік жорық жағымды өздігінен ұйымдастыру мектебі ретінде», «Тау жорығы шартында туристік-алпинистік дағдыларды қолдану» тақырыптары бойынша материалдар ұсынылды.
Семинардың чаты мен тікелей арнасы барысындағы қатысушылардың пікірлері семинардың мазмұнын тиімді әдістемелік нұсқауларымен толықтырды. Әр қатысушыға сертификат табыс етілді.