Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Туристік-өлкетану бағыты бойынша аймақтық семинары туралы ақпарат
30-10-2020 16:35
Туристік-өлкетану бағыты бойынша аймақтық семинары туралы ақпарат

Туристік-өлкетану бағыты бойынша аймақтық семинары

туралы ақпарат

    2020 жылғы 29 қазан күні «Білім берудің жаңартылған мазмұны көлемінде туристік-өлкетану қызметіндегі инновациялар» тақырыбында аймақтық семинары өтті.

   Семинар балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуы мен белсендетуі үшін педагогикалық шарттарды қамтамасыз етуі мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасы «Аймақтық дене тәрбиесі оқу-тәжірибелік орталығы» КММ бірлесе Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және  туризм орталығы» МҚКК тарапынан ұйымдастырылды.

    Семинар жұмысына 30 астам тыңдаушылар қатысты: Павлодар облысы жалпы орта білім беру мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің туристік-өлкетану қызметімен айналысатын үйірмелер, клубтар мен секциялардың жетекшілері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, мектеп туризмінің нұсқаушылары. Өткізу үлгісі - қашықтан, ZOOM платформасы арқылы.

  Семинар бағдарламасында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «СЮТур» БАК педагогтары қосымша білім беру жүйесі туристік-өлкетану бағыты бойынша өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Тыңдаушылардың назарына «Туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыруды бастау. «СЮТур» БАК жұмыс тәжірибесінен», «Педагогтың шығармашылық шеберханасы», «Туристік-өлкетану маршруттарын құрастыру», «Қашықтан оқыту шартында «Пеший туризм» бағдарламасы бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу», «Туристік жорық жағымды өздігінен ұйымдастыру мектебі ретінде», «Тау жорығы шартында туристік-алпинистік дағдыларды қолдану» тақырыптары бойынша материалдар ұсынылды.

  Семинардың чаты мен тікелей арнасы барысындағы қатысушылардың пікірлері семинардың мазмұнын тиімді әдістемелік нұсқауларымен толықтырды. Әр қатысушыға сертификат табыс етілді.