2021 жылғы 22 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» қашықтан оқушылар XXI-ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ZOOM платформасы арқылы «Экология және біз» секциясы өз жұмысын аяқтады. Конференция Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы" КМҚК бірлесіп өткізілді. Секцияға Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 2-11 сыныптарының 35 оқушысы қатысты.
Секция қорытындысы бойынша келесі оқушылардың жобалары атап өтілді: 1 орын - Ольга Дукач, Кузьменко Анжелика Павлодар қаласының №29 ЖОМ, 2 орын - Тәңірбергенов Расул дарынды балаларға арналған №3 гимназия, Амангелді Ақерке "Жас дарын" мамандандырылған мектебі, 3 орын - Досумбаева Салтанат Шарбақты ауданы, Жаңа-ауыл орта мектебі, Павлодар қаласының №19 ЖОМ Құрмашева Гүлнұр, Павлодар қаласының №33 ЖОМ Қайырбек Аяжан. Конференцияға қатысушыларды құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» қашықтан оқушылар XXI-ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы