«БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар» аймақтық оқу-тәжірибелік семинары өтті.
Бүгін «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК базасында Павлодар қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «БЖЭТО КМҚК экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар» аймақтық оқу-тәжірибелік семинары өтті.
Семинар жұмысына Павлодар, Ақсу қалалары мен Тереңкөл, Шарбақты, Ақтоғай, Май, Павлодар, Ертіс және Железин аудандарынан 70-тен астам педагог қатысты.
Тыңдаушыларға «Экологиялық тәрбие: идеядан іске асыруға дейін» тақырыбы бойынша Орталықтың жұмыс тәжірибесі ұсынылды, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелерінің «Жасыл желек»: мақсаты, міндеттері, болашағы" облыстық байқауына дайындық бойынша практикалық ұсынымдар берілді. «Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы мектеп жанындағы учаскенің маңыздылығы» атты ашық диалог аясында «Жасыл желек-2022» облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. «Ландшафт дизайны. Мектеп жанындағы учаскені көгалдандыру» және «Мектеп жанындағы учаске тәжірибелік және зерттеу жұмыстарының практикалық дағдыларын дамыту жүйесі ретінде» -шеберлік-сыныбтарының тәжірибелік маңызы зор болды.
Семинар толығымен мектептерде білім беру және тәрбие компоненттерін интеграциялау үшін алаң болуға тиіс мектеп жанындағы тәжірибелік учаскелерді ұйымдастыру мәселесінде тәжірибе алмасуға бағытталды.