«Төрт токсан» ұлттық мәдени - ағарту жобасының тұжырымдамасы аясында «Туған өлкем» фестивалін іске асыру мақсатында «Табиғат және біз», «Атамекен», «Біздің әлем» және «Жас өлкетанушы» балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері «Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары» көшпелі туристік-өлкетану практикумына қатысты. Балалар Баянауыл ауданы Тендік ауылы мәдениет үйінің көне ұлттық жәдігерлер мен тарихи тұлғалар музейлерімен танысып, академик Қ.Сәтбаев оқыған мектептің орналасқан орнын көріп, академик Қаныш Имантайұлының ата-анасының жерленген жеріне де барып қайтты. Жергілікті зейнеткер мұғалім Қайриден Нухинович «Ақ келін» мемориалдық кешені бойынша экскурсиялар өткізді, онда қоғам қайраткері және ағартушы Мұса Шорманов жерленді, сондай-ақ ақын, би Бұхар-жырау Қалқаманұлы кесенесіне барды.
«Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары» көшпелі туристік-өлкетану практикумы