23-25 маусым аралығында Павлодар облысының табиғи рельефтегі тау туризмі бойынша ашық біріншілігі өтті. Оған командалар Павлодар, Екібастұз қаласы мен Абай және Қарағанды облыстарының командалары қатысты. «Павлодар» құрама командасы экология және туризм орталығынан – «Пирамида» және Вершина» туристік клубтары, құрамында 28 оқушы (жетекшілері: Ридзаускас Владислав Юрьевич, Ридзаускене Ирина Валерьевна, Агалаков Сергей Николаевич), «Искра» туристік клубы – 16 қатысушы (жетекшісі – Кенжин Рустам Айтанұлы) қатысты. Жарыстар үш жас санаты бойынша, екі қашықтықта өтті: «Байламдар» және «Команда». Командалардың деңгейі әр түрлі, бастауыштан кәсіпқойларға дейін, осыған байланысты командалар қашықтықты өтудің күрделілігіне сәйкес сыныптарға бөлінді: А – ең қиын, В және С. Чемпионаттың қорытындысы бойынша «Павлодар»: 1 орын – 43, 2 орын – 18, 3 орын – 6. «Искра» командасы: 1 орын – 4, 2 орын -16, 3 орын – 15. Команда жетекшілері Павлодар облысының спорт пен туризмді дамыту басқармасының дипломдарымен марапатталды. Біз, тамаша өнер көрсеткен абсолютті жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты медальдарымен құттықтаймыз.
Павлодар облысының табиғи рельефтегі тау туризмі бойынша ашық біріншілігі өтті