Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасының қалалық бағдар және спорттық бағдар чемпионаты
23-06-2023 10:46
Қазақстан Республикасының қалалық бағдар және спорттық бағдар чемпионаты

2023 жылдың 22 маусымында Астана қаласында Қазақстан Республикасының қалалық бағдар және спорттық бағдар чемпионаты басталды. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 340-тан астам спортшы қатысуда. Спортшыларды 4 күн бойы әртүрлі жерлерде қызықты старт күтіп тұр. Олар қашықтықты өту барысында спортшылар өздерінің тапқырлығын, ептілігін және стратегиялық ойлауын көрсете отырып, спорттық қиындықтардың, шытырман оқиғаның және тамаша қалалық саябақ пейзаждарының бірегей үйлесімін табады. Павлодар облысының командасының құрамында Экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері, олардың ата-аналары және БЖЭТО педагогтары бар. Бірінші күні біздің команда орта қашықтықта кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бірінші старт қорытындысы бойынша W12 - І тобында Кузина Лучесара үздік атанды. Қосымша білім беру педагогі Кремер Сергей Владимирович қанжығасына 1 орынды байлады. Новичевский Владимир - 3 орын иеленсе, Регинтовская Регина мен Кузин Добромир 4 орынға ие болды. Біздің тәрбиеленушілерімізге алда тек биіктен көрінулерін тілейміз.