"Көшпелі туристік-өлкетану практикумы
"Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас өлкетанушылар "Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары"көшпелі туристік-өлкетану практикумына қатысты. Балалар Шарбақты ауылында Г. Потанинатындағы өлкетану музейінде өткен заманның тұрмыстық заттарымен, түрлі халықтардың тұрғын үйінің безендірілуімен танысты. Одан кейін белгілі рухани ағартушы Ғабдулуахит хазірет кесенесінің аумағында практикум қатысушыларын кесене кешенінің шырақшысы Ермек Рахметов қарсы алып, ұлы ағартушының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, оның өмірінің қызықты фактілерімен бөлісті.