Республикалық үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысу туралы
29 қыркүйек күні Орал қаласында туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйым басшылары мен орынбасарларының республикалық үйлестіру кеңесі кеңейтілген отырысын өткізді.
Отырыс бағдарламасының мазмұнында аймақтардағы балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетануды әрі қарай дамыту мәселелері мен перспективалары, туристік-өлкетану қызметінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, өскелең ұрпақ пен жастардың рухани жаңғыру сұрақтары қарастырылды.
Кеңес жұмысының көлемінде қатысушылар үшін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім беру басқармасының «Облыстық экологиялық-биологиялық орталық» МҚКК, С.И. Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық тәлімбағы, Е. Пугачев атындағы музей-үйі, Батыс Қазақстан тарихи-мәдени музейі, А.С.Пушкин музейі бойынша шолу және тақырыптық экскурсиялары өтті.
Кеңес жұмысына Павлодар делегациясы құрамында Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК басшысы Жанна Каиргелдіқызы Темирова, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Зауре Елубайқызы Сарбасова қатысты.
Кеңес өз жұмысын конструктивті пікір алмасу және ұсынымдарды қабылдаумен аяқтады.