Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Көрісу күні» Экология және туризм орталығы Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар байқауының қалалық кезеңінің қатысушыларын жылы қарсы алды.
13-03-2026 09:51
«Көрісу күні» Экология және туризм орталығы Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар байқауының қалалық кезеңінің қатысушыларын жылы қарсы алды.

Бүгін Наурыз мерекесінің алғашқы күні «Көрісу күні» Экология және туризм орталығы Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар байқауының қалалық кезеңінің қатысушыларын жылы қарсы алды.
Көрісу күні - ұзақ қыстан кейін адамдардың бір-бірімен қауышып, ізгі тілектер айтып, татулық пен бірлікті нығайтатын күн. Дәл осы күні экологиялық байқаудың қорытындысының шығарылуы да ерекше мәнге ие. Өйткені табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау - Наурыз мерекесінің мәдениеті мен дәстүрінің маңызды бөлігі.
«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша:
I орын - Досов Карим (№35 ЖОББМ)
II орын - Жанғожа Айша (Ж. Тәшенев ат. ЖОББМ)
III орын - Нұрғабиден Наргиз (№40 ЖОББМ)
«Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем» бағыты бойынша:
I орын - Дюсен Мерей (Ж. Тәшенев ат. ЖОББМ)
II орын - Нұғыман Айсұлтан (№35 ЖОББМ)
III орын - Сәрсек Әмір (Ж. Тәшенев ат. ЖОББМ)
«Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша:
I орын - Рощенко Матвей (Ш. Шокин ат. ЖОББГМ)
II орын - Жестовский Матвей (№14 ЖОББМ), Айбек Раим (Ш. Шокин ат. ЖОББГМ)
III орын - Малько Кирилл (Ш. Шокин ат. ЖОББГМ), Төлеген Аймира (Ә. Бөкейхан ат. ЛМ), Хайргельды Алихан, Абылхаиров Елхан (М. Әуезов ат. ЖОББМ), Адалин Олег (А. Байтұрсынов ат. ИҰ ЖОББМ)
«Таза қала өзіңнен басталады» бағыты бойынша:
I орын - Сәкенқызы Назерке (№40 ЖОББМ)
II орын - Жунусова Адия (А. Байтұрсынов ат. ИҮЖОББМ)
III орын - Рсалиева Аружан (№24 ЖОББМ)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Жас экологтардың бастамалары қаламызды таза, ал табиғатты аялауға үлкен үлес қоса берсін.
Наурыз мерекесі және Көрісу күні құтты болсын! Көктем жаңа кездесулерге, игі істерге және экологиялық бастамаларға толы болсын.