Экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогтары – Гульжихан Манарбековна Алибаева мен Зарина Маратовна Жапарова ұлттық өнердің шырағын сөндірмей, оны жас ұрпақтың жүрегіне жеткізіп жүрген шебер жандар. Олар қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, ұлттық нақыштағы әсем бұйымдарды – құрақ көрпе, шапан, сыпыр, балаларға арналған қазақы киімдерді үлкен сүйіспеншілікпен тігеді. Әрбір туындысынан халқымыздың бай мәдениеті мен терең тарихының лебі есіп тұрады.
Гульжихан Манарбековна еңбегі ерекше құрметке лайық. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған шеберлермен бірге ең үлкен көлемдегі көрпені тігуге арналған этникалық қолданбалы өнер жобасына қатысып, ел мерейін асқақтатты. Бұл ауқымды еңбек өз бағасын алып, әлемдік рекордтар кітабына еніп, ұлттық өнеріміздің мәртебесін биіктете түсті.
