Сенім телефоны
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Орталық пен №30 ЖОББМ педагогтары арасында «Ұлы даланың ұлттық ойындары» атты рухани-спорттық сайысы
20-03-2026 12:01
 Орталық пен №30 ЖОББМ педагогтары арасында «Ұлы даланың ұлттық ойындары» атты рухани-спорттық сайысы

Ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту мақсатында Наурыз мейрамы аясында Орталық пен №30 ЖОББМ педагогтары арасында «Ұлы даланың ұлттық ойындары» атты рухани-спорттық сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы өздерінің ептілігі мен батылдығын, тапқырлығы мен ұйымшылдығын жоғары деңгейде көрсете білді. Әр кезең тартысқа толы болып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Қызықты әрі бәсекелі өткен дода қорытындысы бойынша «БЖЭТО тарландары» командасы жеңіске жетті.
Мерекелік шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыра түсті.