Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Табиғатты аяла» республикалық жас экологтар, өлкетанушылар және натуралистер форумының облыстық кезеңі
27-03-2026 12:25
«Табиғатты аяла» республикалық жас экологтар, өлкетанушылар және натуралистер форумының облыстық кезеңі

«Табиғатты аяла» республикалық жас экологтар, өлкетанушылар және натуралистер форумының облыстық кезеңі Экология және туризм орталығының негізінде өтті. Іс-шара табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға ұмтылатын белсенді, қоршаған ортаға бейжай қарамайтын оқушыларды біріктірді.

Форумның ерекше мазмұнды өтуіне «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының туризм және экологиялық ағарту бөлімінің өкілдері үлес қосты. Олар қатысушыларға құстардың адам өміріндегі маңызы, экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі туралы айтып, құстарға арналған ұялар жасау бойынша қызықты шеберлік сағатын өткізді. Кездесу соңында әр мектепке «құс үйлері» табысталды — бұл құстарға қамқорлық пен табиғатқа жанашырлықтың белгісі.
Форум тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар, қатысушылардың өз идеялары мен жобаларын, шығармашылық жұмыстарын таныстыруға мүмкіндік берді.

Форум қорытындысы бойынша «Жасыл идея» номинациясында үздіктер анықталды:
I орын — Кабиева Аянұр (дарынды балаларға арналған №3 гимназия), Жақсылық Аңсат («Жас Дарын» МЛ), Нұрбек Адия (Ы. Алтынсарин ат. ҚММ, Ақсу қ.);
II орын — Қимыш Айару (Қарақұдық ЖОББМ), Саматова Еркежан (№21 ЖОББМ);
III орын — Рустамқызы Нұрия (№40 ЖОББМ), Ермекова Жұлдыз (Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған МГ).

«Экоблогер» әлеуметтік бейнероликтер номинациясында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын — Айтчанов Қуат (Заря ЖОББМ);
II орын — Қуанышова Жанару (Ы. Алтынсарин атындағы ҚММ, Ақсу қ.);
III орын — Ильясова Дильназ (Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ).

«EcoCraft — экологиялық қолөнер» номинациясында жеңімпаздар:
I орын — Берикова Айзере (Малайсары ЖОББМ);
II орын — Бекмұханбет Сәния (Көктөбе ЖОББМ), Карашина Аяулым (Ертіс №4 ЖОББМ);
III орын — Воробьёва Адэля (А. Иманов ат. ЖОББМЛ), Қуандық Іңкәр (Ә. Бөкейхан ат. МЛ).

«Жасыл сахна» номинациясында орындар келесідей бөлінді:
I орын — Павлодар қ. №2 ЖОББМ;
II орын — Ұзынсу ЖОББМ;
III орын — Ш.Шөкин ат. №2 Баянауыл ЖОББМ.
Форум жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табиғатты сақтау және көбейту жолында жаңа экологиялық бастамалар мен жарқын жетістіктер тілейміз!