2026 жылғы 16–17 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде.
Кеңес жұмысына Экология және туризм орталығының басшысы Темирова Жанна Каиргельдиновна қатысуда. Отырыс аясында «2026–2030 жылдарға арналған балалар-жасөспірімдер туризмін, экологиялық білім беруді және өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері» тақырыбында баяндама ұсынылып, аталған бағыттарды дамытудың негізгі басымдықтары мен жаңа мүмкіндіктері қарастырылды.
Үйлестіру кеңесінің жұмысы тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және қосымша білім беру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң болып табылады.
