Сенім телефоны
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Білім беру ұйымдарында туристік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты аймақтық оқу-практикалық семинары өтті.
14-05-2026 10:19
«Білім беру ұйымдарында туристік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты аймақтық оқу-практикалық семинары өтті.

2026 жылғы 14 мамырда Экология және туризм орталығында Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп «Білім беру ұйымдарында туристік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты аймақтық оқу-практикалық семинар өтті. Семинар барысында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогтері Кенжин Рустам Айтанұлы, Пичугина Ольга Анатольевна, Ридзаускене Ирина Валерьевна, Мицкевич Алёна Валерьевна, Агалаков Сергей Николаевич өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ Павлодар облыстық спорттық бағдарлау федерациясының вице-президенті Дьяченко Оксана Владимировна қатысты. Бағдарламада «СЮТур» клубының қызметі, туристік жарыстар, спелеотуризм, жаттығу үдерісіндегі тиімді тәсілдер және спорттық бағдарлау мәселелері қарастырылды. Қатысушылар техникалық кезеңдерді ұйымдастыру бойынша шеберлік сабағының практикалық маңызын атап өтті. Семинар соңында спикерлер мен қатысушыларға сертификаттар табысталды.