Сенім телефоны
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«ECOҰрпақ» жазғы кешенді жобасына старт берілді!
01-06-2026 10:56
«ECOҰрпақ» жазғы кешенді жобасына старт берілді!

Халықаралық Балаларды қорғау күні мен жазғы маусымның ашылуына орай Экология және туризм орталығы облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабының қолдауымен «ECO стиліндегі өмір» атты экологиялық квест өткізді.
Іс-шараға С. Торайғыров атындағы, А. Шамкенов атындағы ЖОББМ оқушылары және Павлодар технологиялық, Ақпараттық технологиялар колледждерінің студенттері қатысты. Қатысушылар экология саласындағы білімдерін көрсетіп, белсенділік, тапқырлық және командада жұмыс істеу қабілеттерін танытты.
Іс-шара аясында қонақтарға Орталықтың экологиялық-биологиялық кешені мен музейіне экскурсия ұйымдастырылып, табиғат әлемімен, экологиялық бастамалармен және қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығымен танысты.
«ECOҰрпақ» жобасы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеуге және «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысының идеяларын қолдауға бағытталған.
Жаз мезгілі жарқын әсерлерге, пайдалы істерге және жаңа ашылымдарға толы болсын!