«Тарих әлемі: ұлы даланың мұрасы» зияткерлік ойыны өтті
«ECO ҰРПАҚ» жазғы кешенді жобасының «Ұлы дала мұрасы» өлкетану интенсиві аясында «Тарих әлемі: ұлы даланың мұрасы» зияткерлік ойыны өтті. Қатысушылар туған өлкенің тарихына саяхат жасап, өңірдің танымал тұлғалары, қаланың көрікті орындары мен тарихи ескерткіштері туралы білімдерін сынады. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарларды жіктеу тапсырмаларын орындап, танымдық әрі әсерлі уақыт өткізді.
