Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қазақстан Республикасының чемпионаты және туристік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Кубогының V кезеңі
22-06-2026 11:38
Қазақстан Республикасының чемпионаты және туристік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Кубогының V кезеңі

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында орналасқан Үлбі өзенінде спорттық туризмнен (су туризмі) Қазақстан Республикасының чемпионаты және туристік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Кубогының V кезеңі өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік командалар күрделі су дистанцияларында бақ сынап, өз шеберліктерін ортаға салды.

Аталған жарыста Павлодар облысының намысын қорғаған «Павлодар» командасы жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және ұйымшылдық қасиетін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Спортшылар «Слалом» дистанциясында күміс жүлдені жеңіп алса, «Құтқару жұмыстары» кезеңінде қола медальға қол жеткізді. Ал «Ралли» дистанциясында тағы да күміс жүлдені еншіледі.

Барлық жарыс кезеңдерінің қорытындысы бойынша павлодарлық спортшылар «Юниорлар» жас санатында жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленіп, республикадағы ең мықты командалардың бірі екенін дәлелдеді.

Жарысқа қатысқан тәрбиеленуші Даниил Фисаактың айтуынша, әрбір дистанция үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап еткен. Оның сөзінше, күрделі кезеңдерде командаластардың өзара қолдауы мен сенімі жоғары нәтижеге жетудің басты кепілі болды.

Бұл жетістік – спортшылардың табанды еңбегінің, жүйелі жаттығуларының және мықты командалық рухының жемісі. Павлодарлық жас туристердің жеңісі өңір спортының дамуына қосылған тағы бір маңызды үлес болды.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!