Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жаяу және велосипед туризмі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті.
07-07-2026 12:06
Жаяу және велосипед туризмі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті.

Шілде айының басында Баянауылдың көркем табиғатында жаяу және велосипед туризмі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті.

Жарысқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Жетісу облысының командалары қатысты. Павлодар облысының намысын қорғаған тәрбиеленушілеріміз «Жасөспірімдер» және «Жасөспірімдер (юниорлар)» жас санаттарында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы:
Жаяу туризм (жасөспірімдер) – жалпыкомандалық есепте І орын;
Велосипед туризмі (жасөспірімдер) – жалпыкомандалық есепте ІІ орын;
Жаяу туризм (юниорлар) – жалпыкомандалық есепте ІІ орын;
Велосипед туризмі (юниорлар) жалпыкомандалық есепте ІІІ орын.

Сонымен қатар, спортшыларымыз «Байлам», «Өткелден өту», «Кросс-жорық», «Кедергілер жолағы», «Фигуралық жүргізу» және «Триал» кезеңдерінде көптеген жүлделі орындарға ие болды.

Барлық қатысушыларды жарқын жеңістерімен және жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!

Командаларды жоғары деңгейде дайындаған жетекшілер – И.В. Ридзаускене, В.Ю. Ридзаускас және С.Н. Агалаков жарыс ұйымдастырушыларының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Спортшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!