Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Шілде айының басында Баянауылда жаяу және велотуризмнен Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті.
08-07-2026 12:12
Шілде айының басында Баянауылда жаяу және велотуризмнен Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті.
Шілде айының басында Баянауылда жаяу және велотуризмнен Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті. Дүбірлі додаға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда және Жетісу облыстарының командалары қатысты. Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының жас спортшылары өңір намысын абыроймен қорғап, «Жасөспірімдер» және «Жастар» жас санаттарында жоғары нәтиже көрсетті.
 
Жарыс қорытындысы бойынша балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері жеке және командалық сындарда көптеген жүлделі орындарға ие болды.
 
Жаяу туризмнен «Жасөспірімдер» санатындағы команда жалпыкомандалық есепте чемпион атанып, «Байлам», «Өткел» және «Кросс-жорық» кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетті. Ал велотуризмнен спортшылар «Фигуралық жүргізу» сайысында жалпы есеп бойынша бірінші орынды иеленіп, командалық есепте күміс жүлдеге қол жеткізді.
 
«Жастар» санатындағы қатысушылар да жоғары дайындықтарын дәлелдеді. Жаяу туризмнен команда жалпыкомандалық есепте екінші орын алса, велотуризмнен чемпионаттың қола жүлдегері атанып, бірнеше жеке кезеңде жүлделі орындарға ие болды.
 
Командаларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін жетекшілер Ирина Валерьевна Ридзаускене, Владимир Юрьевич Ридзаускас және Сергей Николаевич Агалаков жарыс ұйымдастырушыларының Алғыс хаттарымен марапатталды.
 
- Жарыстың әр күні өте тартысты әрі қарқынды өтті. Спортшылар жаяу туризм кезеңін аяқтай сала велосипед сайысына қатысып отырды. Қазақстан Республикасы Спорттық туризм федерациясы мен Павлодар облысының Спорттық туризм федерациясына жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогі Ирина Валерьевна Ридзаускене.
 
Павлодарлық жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алар асулары биік, жеңістері баянды болсын!